Ауладағы әткеншекті электр самокатымен айналдырған бала мертікті

2389
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің Краснодар қаласындағы тұрғын үй алаңдарының бірінде жасөспірімдер электр самокатымен ескі әткеншекті айналдырып, нәтижесінде бір бала мертікті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Краснодар қаласының тұрғыны электрлі құрылғыны әткеншек дөңгелегімен айналдырып, ермек қумақ болған. Ақырында қатты айналған әткеншектің әсерінен баланың басы айналып, буыны қалтырап,  ауруханаға жеткізілді.

Оқыс оқиға "Перспектива" тұрғын үй кешенінің балаларға арналған алаңқайында болған. Бейнекадрлардан электросамокат дөңгелектерімен жасөспірімдердің әткеншекті айналдарып жатқанын көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жеткіншектердің "жанкешті" әрекеті бірінші рет болып отырған жоқ.

"Қаңсыған темір әткеншектен тағы бір бала мертікті. Бұл жердегі үлкендердің ескертуіне ешкім құлақ аспайды, бәрі бетімен кеткен. Балаларыңызға ие болыңыздаршы", - дейді аула тұрғындары.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер