18-19 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мелекеттік филармониясы Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушылары байқауын ұйымдастырады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
17 қазан күні сағат 12:00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының Үлкен залының фойесінде Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушылары байқауының баспасөз конференциясы өтеді.
Аталған баспасөз мәслихатында Әміре Қашаубаев атындағы дәстүрлі ән орындаушылары байқауын дамыту және танымал ету, дәстүрлі ән өнерінің бүгінгі келбеті мен насихатталу мәселелелері талқыланады.
Спикерлер:
- Абдуалиев Ақан Жылқышыбайұлы - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ұйымдастыру алқасының төрағасы;
- Жанпейісов Нұржан Қабимоллаұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры, Ә.Қашаубаев атындағы Республикалық дәстүрлі ән орындаушылары байқауының гран-при иегері, қазылар алқасының төрағасы;
- Жанпейісова Сәуле Стаханшылқызы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының мүшесі;
- Амангелді Ұзақбайұлы Күзеубай - Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясыныың Халық музыкасы факультеті, халық әндері кафедрасының меңгерушісі, доцент, қазылар алқасының мүшесі;
- Айтбаев Ербол Хамитұлы - С.Торайғыров атындағы университеттің профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, қазылар алқасының мүшесі;
