Президенттікке үміткер ретінде көпбалалы ана ұсынылды

1317
Фото: Facebook/ Karakat Abden
Фото: Facebook/ Karakat Abden

«Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі атынан президенттікке кандидат ретінде көпбалалы ана Қарақат Әбден ұсынылды. Бұл туралы бірлестіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

2022 жылғы 7 қазанда Астана қаласында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жалпы жиналысы өткен.

“Шара барысында «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ-ның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және ілгерілету, сондай-ақ республикалық деңгейде азаматтардың осал топтарының мәселелерін жеткізу және мүдделерін қорғау мақсатында Әбден Қарақат Жақсылыққызы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына президенттікке кандидат ретінде ұсынылды”, - делінген баспасөз хабарламасында.

Әбден Қарақат Жақсылыққызы – 4 баланың анасы, белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, елорданың қоғамдық кеңесінің мүшесі. Қазақстан Республикасы Ақмола облысының тумасы, 1974 жылы дүниеге келген.

Мемлекеттік лауазымдарда, оның ішінде 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі Салық комитетінің орталық аппаратында, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында бар. Астана қаласы мәслихатының VI шақырылымының депутаты болды.

Сәбилер үйі мен Балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, балалар үйінің 15 тәрбиеленушісінің менторы және тәлімгері.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket