Астанада жаңа мешіт ашылды

3427
Adyrna.kz Telegram

Астана қаласында жаңа мешіт бой көтерді. Бұл туралы Қазақстан мүсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қасиетті жұма күнінде, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген қасиетті Мәуліт айында Астана қаласы бойынша 14-мешіт есігін айқара ашып, жамағаттың игілігіне беріліп отыр. Бұл – көптен күткен қуаныш. Өйткені, осы мешіттің ашылуы бірнеше жылдарға созылды. Алайда Алла Тағаланың қалауымен сәулеті мен сәні жарасқан мешіт бүгін халық игілігіне берілді. Жаңа құлшылық үйі құтты болсын.

Мешітті салған азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін.

Қаланың Көктал шағын ауданында ашылған жаңа мешітте бір мезетте 500 адам құлшылығын өтей алады»,—деді ол.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер