Оралда сабақ үстінде көз жұмған 10-сынып оқушысына қатысты тың дерек шықты

2337
Adyrna.kz Telegram

Оралда сабақ үстінде көз жұмған 10-сынып оқушысына қатысты тың деректер шықты, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

AstanaTV хабарлауынша, мектеп басшылығы баланың бұрыннан науқас екенін, арнайы есепте тұрғанын айтады. Бірінші ауысымда оқитын 15 жастағы Даниял өзге балалармен бірге сабақ басталғанша дәлізде жүрген. Кейін қоңырау соғылып, сыныпқа кірді дейді. Барлығы өз орындарына жайғасып, сабаққа дайындалып жатқан кезде жеткіншек ес-түссіз құлап түскен көрінеді.

"Жедел жәрдем шақырттық, медик шақырттық. Сосын жаңағы ата-анасына хабарластық, дәрі іше ме деп, мамасы қазір келемін деп айтты. Медик келгенше қасында болдық. Алғашқы жәрдем көрсетті. Сосын медиктер келгесін бізді шығарып жіберді", - дейді Орал қалалық №10 мектептің мұғалімі Нұргүл Таңатарова. 

Мамандар 40 минуттай ем-дом жасаған. Бірақ баланы ажалдан құтқарып қала алмады. Мектептегілер Даниял сабақты жақсы оқығанын, үлгілі тәртібімен көзге түскенін айтады.

"Оқушы бізге 20-мектептен келген, биыл қыркүйекте келді. Учетта тұратын бала. «Паралич РВ» деген диагнозбен учетта тұрады. Ата-анасы жазда қаратқан, емін алған. Біз барынша көмек көрсеттік алғашқы көмекті. Көзінің қарашығын қарадым. Көзі қызарған, жасанды тыныс алдырып, жедел жәрдем келгенше сондай көмек көрсеттік", - дейді Орал қалалық №10 мектептің медбикесі Нұргүл Байғанатова. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер