Кері байланыс
+7 707 676 6977
adyrnaportal@gmail.com

Комсомолдың 100 жылдығы кімнің ақшасына тойланды?

2643
Adyrna.kz Telegram

Дүйсенбіде, 22-қазанда әлеуметтік желі қызыл түске көміліп қалды. Қазақстандықтар комсомолдың 100-жылдығына қатысты суреттерді жарыса бөлісті. Әлде қашан өліп қалған ұйымның ғасырлық мерейтойын коммунистер мен нұротандықтар 20-қазанда Алматыдағы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында дүркіретіп атап өтті .  Таңқаларлығы коммунистердің өздері қыруар қаржыны талап ететін бұл шараның қалай ұйымдастырылғанын жақсы біле бермейді екен.

Біз ҚХКП орталық комитетінің құрметті хатшысы, мәжіліс депутаты Владислав КОСАРЕВКЕ хабарласып едік, ол «концерт тамаша өтті» деді. Қызылдардың алдында қаламақылары мыңдаған доллар тұратын кәсіпқой әншілер ән шырқаса, концерт қалай тамаша өтпесін! Әлеуметтік желіде мәселен, Роза Рымбаеваның суреті жарияланды. Сахна сәні де өте мықты. Арзанқол дүниенің жоқтығы анық көрінеді.

Владислав КОСАРЕВ бізге берген сұхбатында «әншілер тегін ән салуы да мүмкін, болмаса, қаламақы жағынан мәдениет және спорт министрлігі көмектескен болуы керек» деді.

– Артистер тегін өнер көрсетті ме?

Меніңше, солай. Мүмкін Мәдениет және спорт министрлігі жәрдемдесті. Концерт өте тамаша өтті,деді  Косарев.

Коммунистерге нұротандықтар Алматыдағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының залын жалға алуға  жәрдемдесіпті. Ал, шығын жағын жабуды қалалық әкімдік қолға алыпты.

Алматы әкімдігі залдың жалға алуын төледі. Біз  (қатысушылар- ред.)  800 адамнан көп болдық,– дейді Владислав Косарев.

Дәл осы кешке Алматыға Астанадан арнайын ұшып келгендердің ішінде парламент депутаттары да болды. Владислав Косаревтің сөзінше, компартия олардың жол шығынын төлемеген. Ал Ресейдегі Қазақстанның елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың халықаралық жол шығынын кім өтегенін коммунист ашып айтпады.

Оның жинаған ақшасы бар шығар. Болмаса  «командировкамен» ұшып келді. Ол жағын нақты айта алмаймын, –деді Косарев.

Косаервтің сөзінше осы аптада Қазақстанның барлық барлық аймақтарында және Астанада ҚХКП жастар қанаты слеттар өткізбек.

Анар Арыстанбек

"Жас Алаш"

Пікірлер