Қазақстанды жаяу кезген ақсақал араға 6 ай салып үйіне оралды

4451
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның даласын жаяу аралап шыққан 72 жастағы жиһангез Сәрсенбай Қотырашев өз сапарын аяқтады. Ақсақал наурыз айында жолға шығып,  8 мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сәрсенбай ақсақалдың сәтті сапары Ұлытау топырағынан басталыпты. Жүріс-тұрысы ширақ, тың қарияны елорда әуежайында бір топ кісі күтіп алып, құрмет көрсетті.

"Жаяу жүріп өткен жол сапарымды  Ақтауда аяқтадым. Еліміздің барлық өңірінде болдым. Жоспар орындалды. Діттеген мақсатыма жеттік. Мақсатым — Қазақстанымды жаяу аралап шығу еді. Енді тұтас дүниеге сапар шексем бе деп отырмын. Келер жылы жазда жолға аттанамын", - деді ақсақал.

"Асың барда ер таны беріп жүріп, Атың барда жер таны желіп жүріп" деген бабалар сөзін ғұмырлық мұратына айналдырған марафоншы ақсақал келешекте Әзірбайжан, алдыңғы Азия мен Еуропаға табан тіреп, әрі АҚШ, Қытай, Моңғолияны жаяу кезуді жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, көпті көрген қария ат шығарып, атақ қуу еш мұраты емес, мұраты - ел-жұртын тегіс тану екендігін де ерекше атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер