Ресейде тұрып жатқан Қазақстан азаматы мобилизацияға байланысты әскерге шақырту алған

2961
Adyrna.kz Telegram
Фото: РИА Новости
Фото: РИА Новости

Ресейде тұрып жатқан Қазақстан азаматы мобилизацияға байланысты әскерге шақырту алған. Бұл ақпаратты Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Дегенмен ол еліміздің заңына сәйкес әскерде борышын өтемейді. Сырты істер министрлігінің мәліметінше, Ресейде тұрып жатқан және тұру туралы ықтиярхат алған қазақстандықтар әскерге шақырту алса, елшілікке жүгіне алады немесе әскери комиссариатқа құжатын көрсете алады.

"Мұндай жағдайлар болып тұрады, мәлімет базасында сәйкессіздіктер бар шығар. Адам Ресей территориясында делік, оның тұруға ықтиярхаты бар. Тұрғылықты жері - азаматтық емес, Қазақстанның азаматтығы әлі сақталады. Бірақ дерекқорда қате кеткен сияқты. Бұл жағдайда Қазақстан Республикасы азаматы өзінің құжатын әскери комиссариатқа көрсете алады немесе елшілікке тағы бір рет хабарласып, Қазақстан азаматы екеніне көзжеткізе алады. Бұл жерде еш қиындық жоқ, тек оның Қазақстан азаматы екенін заңды түрде дәлелдеу керек", - деді СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

 

Пікірлер