Бұл елде орыстілді адамдардың жетістікке жетуі оңай - Мөлдір Бақыт

2783
Adyrna.kz Telegram

Журналист Мөлдір Бақыт қоғамда қалыптасқан жағдайға қатысты азаматтық пікір білдіріп,  кәсіптік қазақ тілі, ұлттық ұйысу мәселесін ашып жазды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  

- Ресей Қырымды басып алған соң, Қазақстанға украин жігіттері көп келе бастады. Көз алдымда үш журналис қыз Украинадан келген жігіттерге тұрмысқа шықты. Содан бері осы елде тұрады. Үбірлі-шүбілі отбасыға айналды. Жағдайлары бес. Бизнес ашты, басқасымен айналысты. Қазақстанға тез сіңісіп кетті. Біздікілер оларды маман ретінде де жоғары бағалайды. Қазір кез келген қазақтан жақсы өмір сүреді. Жалпы бұл елде орыстілді адамдарға жетістікке жету оңайырақ қой, - деді журналист.

Автор өз пікірін қоғамдағы қазақтілділердің әлеуметтік статусына қатысты көзқарасымен өрбітті. Бұл жайында:

"Сосын осы ФБ [фейсбук] сегментте де қазақша жазатын ақылды адамнан(қыздан), орысша жазатын орташа ақылды адам (қыз) әлдеқайда жоғары бағаланады. Ақылды дегенде, пафосқа толы дүниелер емес, адекваттылық тұрғысынан айтам", - деді Мөлдір Бақыт.
Журналистің өткір жазбасына: "Орысша білмесең біраз табыстан да қағыласың", "Солай боп тұр. Оған Ұлттық идеяның жоқтығы себеп", "Қазақ тілін білетін жұмысшылардың айлығы 30% өседі десе біраз дүние өзгергелі тұр. Керісінше ағылшын тілін білгендерге 10% қосылғалы тұр. Кез-келген чатта орысша сайрап тұрған өз қазағым, білсін-білмесін", Қазір Қазақстанда орыс тілі мен қытай тілін білетіндердің жағдайы жақсы боп тұр" деп пікір білдірді оқырмандар.
Пікірлер