Ресей президенті Владимир Путин 2022 жылдың 21 қыркүйегінде "ішінара мобилизация" туралы шешім қабылдады. Демек, өз елінің азаматтары арасынан Украина арасындағы соғысқа адам жинақтайды. Осы шешім шыққан күннен бастап, ресей азаматтары жан-жаққа бас сауғалауда. Бұл шешімді қолдамай шекаралас мемлекет Қазақстанға да келген ресейліктер саны күннен күнге көбеюде. Ресейліктердің келуі елдегі біраз мәселе бетін ашты. Мәселен, қазақ тілінің қолданыс аясы, жалдамалы пәтер бағасы, т.б…
Ресейліктердің Қазақстанға келуі ел тұрғындарына зиян келтіре ме? Оған қарапайым халықтың көзқарасы қандай? Бұл жөнінде Алматы тұрғындарының пікірін біліп, маңызды жауаптарды кезегімен ұсындым:
- Осы уақытқа дейін біршама адам келді, осы жеткілікті. Бұдан әрі келу біз үшін қауіпті, себебі:
- Әзірше олардың жағдайы жақсы секілді елде оларға байланысты мәселе болмайды. Бірақ, олар жұмыссыз ,өмір сүруге қаражаты таусылса ше? Елде онсызда жұмыссыздар жетеді. Жұмыс жоқ болса, ұрлық, қақтығыстар басталады.
- Осы жылдың өзінде Алматыға еліміздің әр қаласынан 120 мыңға жуық студент келді. Оларға тұратын орын, жалдамалы пәтерлер бағасы қымбат еді, осы оқиғаға байланысты тағы қымбаттады. Жастар сапалы білім алу үшін тек оқу орны емес олар тұратын жер керек.
- Қазақтың бәрі қонақжай емес, тарихты оқып, бәрін есінде ұстағандар бар. 1938 жылғы реппресия бәрі-бәрі халықтың жадында. Ол есінде барда бірге өмір сүру қиын болады.
- Ана тіліміз қазақ тілінің жағдайы алаңдатады. Қазірдің өзінде қазақ тілін мойындамай, орыс тілімен бірдей көретінде көп. Елге орыс тілді азаматтардың келуінің тағы бір зияны біздің - ана тілімізге тимек.
- Соғысқа қатысудан қашып еш дайындық, қаражатсыз біздің елге келуі халқымыздың қауіпсіздігіне нұқсан келтіреді. Олар бейбіт күнде келіп жатқан жоқ, соғыс кезінде, қашып келіп жатыр, оларда мұздай қару болуы әбден мүмкін.Бұл бейбіт тұрғын үшін қауіпті, біз өзгені жарылқап, өзімізге жаңа мәселе тауып алмаумыз керек, - деп пікірін білдірді Алматы қаласының тұрғындары.
Осы сәтте әлеуметтік желі немесе қоғамдық орындар да толық қазақша сөйлеу, кім қай тілде сұрақ қойса, тек қазақ тілінде жауап беру, ешқандай орыс тілінсіз таза ана тілімізде сөйлеуді басты мақсат етіп, өзгеге де насихаттап жатыр.
Тикток желісінде осы тақырыпқа байланысты "қазақтар қонақжай ғой , дегенмен есіңде ме олар -"Біздің тарихымызды жойғысы келді, дінімізді ұстануымызға кедергі келтірді, ана тілімізді құртуды көздеді, қолдан аштық жасады, біздің бетке тұтар азаматтарымыздың көзін жойған орыстар ғой" деген мазмұнынды жаңа тренд шықты.
Тренд деп қарағанымен түбі шындыққа негізделгендіктен, бұл - әсерлі видеолар өзіне назар аудартпай қоймады.
Қазақ тарихының қай кезі болмасын орыстармен қарым-қатынасы жақсы болмады. Біресе отар болдық, біресе өз басшысын өзі сайлай алмаған әлсіз, ана тілінде сөйлей алмайтын ел болдық. Соңында араға уақыт салып, елдің жадында қанша жылдар өтсе де қала беретін 1986 жылғы көтеріліс, оған дейінде Алаш қайраткерлері, тәуелсіздік үшін жасалған күрестермен, өз өмірін қиған аға буындармен, қара көз қазақтың қыздарының арқасында өз егемендігімізді алдық. Әр қазақтың жадында сол биік азаматтарымыз болмағанда қазіргідей тәуелсіз, еркін ел болмас едік. Тәуелсіздігіміз, тыныштығымыз, ана тіліміз әрқашан – ең құндысы.
Ақарман Жақсылыққызы