"Алаш танымы" клубы Сәкен Сейфуллин мұражайына барды

3413
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Алаштың ардақтысы - сұңқар Сәкеннің дүние есігін ашқан күні. Осы атаулы күнге орай Еуразия ұлттық университетіне қарасты "Алаш танымы" зияткерлік клубы Сәкеннің ғұмырнамалық жолынан мағлұмат беретін Астана қаласында орналасқан Сәкен Сейфуллин мұражайына барып қайтты.

Сәкеннің өмірі және мұражайдағы ақпараттар интернет желісінде бар болған соң одан басқа да дүниеледі айтқым келіп отыр. Кез-келген ақпаратты білу - білімнің ең төменгі деңгейі. Біз бүгінгі қазақ қоғамындағы жастар бұл экскурсия арқылы ақпараттармен белгілі деңгейде танысып білдік. Енді, соны түсініп, санаға сіңіріп, қорытып, оған өзіміз қоса пікір айтатын арамызда Сәкендердей ойлы, Сәкендердей тұлға қалыптастырсақ деген үлкен ниет бар. Экскурсиямыздың да мәні сонда болатын. Бүгін біраз жастардың жалынын, көздеріндегі ұшқынын көрдік. Бұл Сәкендердің өлмегені, Сәкендердің жасап жатқанының айғағы деп білеміз.

Тарихта сыры менен сызы қалған,
Өкініш ұрпақ қалмау ұлылардан.
Қанымен жаралмадық дегенменен,
Рухынан жаралған рух бізде қалған.
Сәкендер сүрген өмір, қылған тірлік,
Өлу де дәл соларша бізге де арман.

Ажар ҚАДЫСҚЫЗЫ, 

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы 

"Алаш танымы" зияткерлік клубының төрайымы 

Пікірлер