Думан ЕРҚАНАТ: Жетістік жолы - қаржылық сауаттылықтан басталады

2000
Adyrna.kz Telegram

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде "Жастарды әлеуметтендіру және оңалту" жобасының аясында "Адырна" қоғамдық қоры "Қаржылық сауаттылықтың негіздері"  тақырыбында семинар-тренинг ұйымдастырды. 

Іс-шараға белгілі кәсіпкер, трейдер Думан Ерқанат қатысып қаржылық сауаттылыққа қатысты білімімен бөлісті.

«Кез келген адамға қаржылық сауаттылық бойынша айтатын болсам, кірісі мен шығынын жазып үйренуіміз керек. Оны әдетке айналдыруымыз керек. Айтқанға оңай болғанымен, оны көпшілігіміз істемейміз. Тұрақты шығыс айлықтың 50 пайыз кірісінен аз болмауы керек. Сол кезде статистика бойынша 80 пайыз қаржылық еркіндікке шығатын мүмкіндігіңіз болады», – деді трейдер Думан Ерқанат.

Ол 10 жыл Америкада трейдинг саласын меңгеріп, білімін жетілдіріп, семинарда жастарға экономика саласының маңыздылығы жайлы түсіндірді.

Сонымен қатар семинар-тренинг барысында Думан мырза жастардың қойған сұрақтарына жауап беріп, қаржылық сауаттылықтың маңыздылығы адам өміріне қалай әсер ететіні жайлы сөз қозғады.

Шараға 60-қа жуық жастар қатысып, белсенділік танытты. Тіркелушілердің арасында жұмыссыз жүрген құлықсыз жастар да болды.

Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Адырна» ҰЭБ» ҚҚ «Жастарды әлеуметтендіру және оңалту» жобасы аясында өтті.

Пікірлер