Пәтер иесі: Орыстар келді, ақша табуым керек

3608
Adyrna.kz Telegram

«Орыстар келді, ақша табуым керек» деп пәтерінде тұрып жатқан студенттерді шығарып жіберген азаматқа көпшілік реніш білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Мобилизация басталғалы Ресейден Қазақстан территориясына өткендердің саны күрт артты. Олар Орал, Астана, Алматы, Қостанай секілді қалаларға орналасып жатыр. Мұның салдарынан тұрғын үй жалдау бағасы шарықтап кетті. Кейбір азаматтар пәтерін қымбат бағаға жалға беру үшін онда тұрып жатқан студенттерді шығарып жіберген.

               

Сондай бір оқиғаны дизайнер маман Меруерт Үсенбекқызы өз парақшасында бөлісті. Мобилизациядан қашқандарға пәтерін жалға беру үшін студенттерді үйінен шығарып жіберген азамат жайлы:

"Орыстар келді, ақша табуым керек», деп ашық айтып тұр. Осында көбіңіз квартира беріп жүрген шығарсыздар, қалай жәутеңдетіп қуып шығасыздар, Көтермеңіздер бағаны! Қаншама адамның көз жасы мен қарғысы жібермейді... Бұның түбі жақсылыққа апармас.... Еліміз аман, жеріміз тыныш болсын!" - деп жазды автор.

Үй иесі және пәтер жалдаушылар арасында жазылған хабарламалар әлеуметтік желілерді шарлап, қалың көпшіліктің ренішін тудырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер