Қазақстанда ОДКБ-ның жиыны өтеді

2625
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/vvv.jpg
Қазақстан қарулы күштері Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдермен бірлесіп жаттығу өткізеді деп хабарлады "Адырна" ұлттық порталы. Жиын қазан айының басында еліміздің оңтүстік-шығыс аймақтарында, атап айтқанда Жамбыл және Алматы облыстарында өтеді. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Елімізде жедел ден қою ұжымдық күштерінің «Өзара іс-қимыл – 2022» командалық-штабтық оқу-жаттығулары, барлау күштері мен құралдарының «Іздеу – 2022» арнайы оқу-жаттығуы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің «Эшелон – 2022» арнайы оқу-жаттығуы өтеді деп жоспарланған. Жедел өрістету ұжымдық күштерінің оқу-жаттығу жиыны 26 қыркүйекте басталып, 8 қазанға дейін созылмақ.
"Әскери құрылымдардың көшіп-қонуы, бір мекеннен екінші бір мекенге орын ауыстыруын қамтамасыз ету үшін комменданттық қызмет ұйымдастырылады, - делінген мәлімдемеде.
Іс-шаралар ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің мақсаты бойынша тапсырмаларды орындауға дайындығын арттыруға бағытталған.
Комментарии