Президент Жолдауы: Түрксіб ауданын білім беру нысандарымен қамтамасыз ету қарқынды

2166
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек»,-деп айтты. Президент тапсырмасының шеңберінде Алматы қаласының Түрксіб ауданын білім беру нысандарымен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Адырна тілшісі.

"Қазіргі оқу жылының басында Волочаевская көшесінде 420 орындық жеке мектеп ашылды. Ағымдағы жылдың 16 желтоқсанына дейін «Қайрат» шағын ауданындағы 1500 орындық мемлекеттік мектептің құрылысы аяқталады (Kazpaco ЖШС / BI-group)", - деді Досаев.

Сонымен қатар, бүгінгі таңда аудандағы 1350 орынға 3 мектепті - № 59, № 195 және № 198 мектептерді кеңейту жұмыстары жүріп жатыр.

Биыл қазан айында №59 мектеп-гимназияның аумағында 300 орындық жаңа мектеп ғимараты мен қосымша  құрылысты салу басталады. Ал, ескі ғимараттың бір бөлігі бұзылады.

№195 және №198 мектептер бойынша 1050 орындық қосымша құрылыс салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жобалау-сметалық құжаттаманы 2023 жылдың шілдесінде  аяқтау жоспарланған.

 

Пікірлер