Маңғыстаулық спортшы Гиннестің рекордтар кітабына енді

3192
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстаулық жеті дүркін әлем чемпионы Ильдар Ягьяев стритлифтинг және воркаут спорт түрінен жаңа әлемдік рекорд орнатып, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы облыстық спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Гиннестің рекордтар кітабына енуіне спортшының 2021 жылы Киев қаласында стритлифтинг пен воркаут-рекордтардан әлем чемпионатында көрсеткен жетістігі, орнатқан рекорды себепші болды.

Ильдар Ягьяев 40 фунт салмақтағы ауырлықпен екі қолмен 10 рет белтемірге тартылып рекорд орнатқан болатын. Ильдар 19 қыркүйек күні Гиннестің рекордтар кітабына енгені туралы сертификатын алған.

Спортшының айтуынша, нәтижені тіркеуге өтінішті шамамен жеті ай бұрын жіберген.

«Кейде өтінімді қарау жарты жылға созылады. Мен өзімнің нәтижем туралы видеоны Гиннестің рекордтар сайтына жібердім. Бекітуге үш ай қажет болды. Кейін менің рекордым тіркелді. Рекордшылар тізімін шынымен толықтырған Сертификат Лондоннан жіберілді. Ол маған бір айға жуық келді. Ал 19 қыркүйекте мен оны алдым», - деді спортшы.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер