АБЗАЛ ҚҰСПАН: Президенттің тек бір мерзімге сайлануын құптаймын

3626
Adyrna.kz Telegram

Президентті тек бір мерзімге, 7 жылға ғана сайлайтынымыз өте дұрыс қадам болды. Мен бұл бастаманы қолдайтынымды ашық айтып жүрмін. Неге? Ең басты деген екі себебіне тоқталайын.

Біріншіден, президентті бір мерзімге ғана сайлау дамыған елдердің басым көпшілігінде бар тәжірибе. Өйткені, президент 2 кезеңге сайланатын болса, оған келесі сайлауда жеңу қиынға түспейді. Бүкіл ресурс қолында болғандықтан, нәтижеге әсер ете алады. Бәсекелестік жоғалады. Сайлау комиссиясы бар, әкімі бар, бәрін айтқанына көндіреді. Мұндай жағдайда елде бірнеше ықпалды партиялар болмаса, сайлаудың әділ өтуі мүмкін емес. Міне, осы себепті президенттің тек бір кезеңге сайланғанын дұрыс деп отырмын.

Екіншіден, қазір қоғамда түрлі сұрақ туындауда. «Келесі президент келіп, ол да Конституцияны түзетсе не істейміз?» дейді. Негізсіз емес, орынды сауал. Бірақ сауалға жауап дайын, олар бір өзгерісті ескермей отыр. Елімізде 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Конституциялық сот қызметке кіріседі.

Демек, Конституцияға бір басшы өз қалауымен өзгеріс енгізе алмайды. Барлық ұсыныс сотпен қаралады. Сондықтан, бұдан былай ықпалы бар қалаған адам Конституцияның мәтінін түрте бермейді. Сөздің тоқ етері, қазіргі жаңа қадамдарды толық құптаймын.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер