Жақында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев NEET жастар туралы мәселесін көтерді. NEET жастар деген кімдер? Жалпы, NEET - халықаралық аббревиатура. NEET — Not in Empoloyment, Education or Training, яғни не сабақ оқымайтын, не жұмыс істемейтін, не тренингке қатыспайтын жастар категориясы. Статистика, 2018 жылдың екінші тоқсанында елімізде 300 мыңнан астам «NEET жастар» бар дейді. Бір қарағанда NEET жастар – қылмыскер емес, бұзақы емес, ешкімге зияны да, пайдасы да жоқ, ештеңеге құлықсыз, бос жүрген жастар. Ал ақылға салып қарасақ, бұл – сұмдық көрсеткіш. Себебі бұл – әртүрлі заң бұзушылық-қылмыс, бүлік, теріс дін ағымдарға тартылуы, суицидке бару қаупі жоғары категория.
Қазіргі таңда Қазақстанда жастарға арналған бірқатар бағдарлама бар: «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел» жасақтары, «Серпін», «Дипломмен — ауылға» және т.б. Бірақ осыған қарамастан, NEET жастардың қарасы жоғары айтылғандай болуы – бұл бағдарламалар әлі де жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Себебі бұл іске тек үкімет емес, қоғам да ат салысу керек. Осы қоғамның қозғаушы күштерінің бірі – қоғамдық ұйым ретінде «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі Батыс Қазақстан облысы «Жастар бастамаларын қолдау бойынша әлеуметтік қызмет» (Қазақстан жастарын әлеуметтендіру және дамыту бойынша жалпыұлттық жобаның II кезеңі)» жобасын жүзеге асыруды бастап жатыр.
Сонымен, әлеуметтендіру дегеніміз не және неге оған қатты көңіл бөліп отырмыз. Әлеуметтендіру – қарым-қатынас жасай білетін, өмірлік мақсатына жете білетін, өмірлік және адамгершілік құндылықтарды ұстанатын, өзінің қажеті мен қызығушылығын қоғам талаптарына сәйкес шектей білетін тұлғаның қалыптасуы. Ғалым-мамандардың пікірінше жастарды әлеуметтендірудің мынандай жолдары бар екен:
- мотивация жүйесі арқылы;
- азаматтық жауапкершілігін дамыту арқылы;
- жастардың барлық санаттарының (ауылдық, белсенді емес, маргинал топтарының, т.с.с) әлеуметтік инклюзиясін қамтамасыз ету арқылы;
- жастар арасында еріктілік, спорт және шығармашылықты дамыту арқылы;
- ұлттық құндылықтарға жалғау арқылы.
- Интелектуалдық (зияткерлік);
- Еріктілік пен әлеуметтік
- Әскери-патриоттық;
- Шығармашылық;
- Спорттық;
- Ұлттық құндылық.
Нұрлан СӘДІР,
Жоба менеджері