Инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жалғасуда

1813
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/cda2d484-11d8-471a-b0d3-a4ba720918bb.jpeg
Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Еңбекші ауданындағы жаңақұрылыс аумағында орналасқан елді мекендерде жүргізіліп жатқан инфрақұрылым нысандары жұмыс барысын тексеріп, тұрғындармен кездесті. Қазіргі таңда электр қуатымен қамту жұмыстардың 90%-ы атқарылған. Қыркүйек айының соңында «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмысы жүргізілмек. Нәтижесінде, Қаратөбе, Қарабастау, Абдулабад, Тоғыс, Жұлдыз, Бадам-1, Жыланбұзған, Айнатас, Базарқақпа елді мекендеріндегі 1 729 абонент сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Ауыз су құбырлары жүйесін орнату жұмыстары 11%-ға орындалған. Нысан 2023 жылы аяқталмақ. Аталған елді мекендерді табиғи газбен қамту бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Қала басшысы абоненттеу жұмыстары барысында тұрғындардың жұмыла әрекет жасау керектігін атап өтіп, сала басшыларына бұл істі тиімді ұйымдастыруды тапсырды.  
Комментарии