Ғалымдар санын 1,5 есеге арттыру міндетін қойып отырмыз — Саясат Нұрбек

3169
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық жоба бойынша ғылымның кадрлық әлеуетін нығайту үшін 2025 жылға дейін ғалымдар санын 1,5 есеге арттыру міндеті қойылды. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ғалымдар мен жас ғалымдар санының 50%-ға өсуі жоспарланған. Қазір еліміздегі ғалымдардың 35%-ы жас ғалымдар. Бүгінгі таңда ғалымдардың жалақысы 2 есе өсті (252 мың теңгеге дейін). Іргелі зерттеулермен айналысатын ҒЗИ-ды тікелей қаржыландыру енгізілді»,—деді ол.

Министр жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін бірнеше жұмыс атқарылғанын атап өтті.

«Жас ғалым» жобасы аясында жас ғалымдарға ғылыми зерттеулерге және постдокторантура үшін 1037 грант бөлінді. Жыл сайын халықаралық тағылымдамаларға 500 грант бөлінеді. 2021 жылы әлемдік ғылыми орталықтарға 400 ғалым жіберілді. 2020 жылдан бастап жыл сайын 50 «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығы тапсырылады»,—деді ведомство басшысы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер