Жаңаталап сапалы электр қуатымен қамтылуда

2240
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/whatsapp-image-2022-09-12-at-20.34.23-3.jpeg
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Жаңаталап тұрғын алабында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын бақылады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. Былтыр елдімекеннің 6 мыңнан астам тұрғыны ауыз сумен қамтылған болатын. Ендігі кезек сапалы электр қуатында. "Жаңаталап" подстанциясы құрылысының 90% аяқталған. Қазіргі таңда жалпы ұзындығы 42,2 шақырымға электр желілері тартылуда, аяқталу мерзімі - қазан айының соңына жоспарланған. Шаһар басшысы ауыл ақсақалдары мен қоғам белсенділеріне құрылыс жұмысымен қатар абоненттеу жұмыстарының жүргізілуіне жергілікті тұрғындарды жұмылдыру керектігін айтып өтті.
- Абоненттеу, ескі жүйені жаңа жүйеге қосуға да уақыт кетеді. Сондықтан құжаттарды қазірден бастап дайындауға кірісіңіздер. Ал жұмыстың мерзімінде және сапалы орындалуы біздің бақылауымызда,-деді әкім.
Бұдан бөлек биыл 2 көше, атап айтқанда 1,5 шақырымды құрайтын Жұманов және Айдарқұл көшелеріне жарық орнатылуда. Әзірге жұмыстың 20%-ы орындалды.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
Комментарии