Павлодарда 17 жыл бұрын қайтыс болған адамды "жұмысқа орналастырған"

2727
Adyrna.kz Telegram

Керекудегі жұмыспен қамту орталығының қызметкері марқұм болған адамды "жұмысқа орналастырдық" деп есеп берген. Бұл туралы   "Адырна" порталы хабарлайды . 

Павладардағы аталған мемлекеттік мекеме мамандары құжат жүзінде 17 жыл бұрын көз жұмған тұрғынға жұмыс тауып беріпті. Анонимді шағым түскен соң жұмыс тобы құрылып, кешенді тексеру жүргізілді. Нәтижесінде өз істеріне салғырт қараған қызметкерлердің осыған ұқсас тағы бірнеше факті анықталған. Заңға сәйкес, олқылыққа жол берген мамандарға  қатаң сөгіс жарияланды. Ал мекеме директоры өз еркімен жұмыстан кетті. Экономикалық тергеу департаменті мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары да тексеріс жүргізіп жатыр.

"Прокурорлық тексеріс нәтижесінде жұмыспен қамту орталығының қызметіне жауапты қалалық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына қатысты шара қолданылды. Орталық директоры, сектор меңгерушісі де жазаланды. Оларға қатысты қатаң сөгіс жарияланды",-деді  Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер