Ерлікті естен шығаруға болмайды

2184
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық бірлестігі Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы қолдауымен іске асып жатқан «Азаматтық борыш» жобасы барысында бірлестік басшысы Арман Әубәкір, жоба жетекшісі Дос Сымағұл, бірлестік директорының орынбасары Бейбіт Нәлібаев тағы басқалар ұйымдастырған бұл кездесуге Ауған соғысының белгілі ардагерлері Жұмат Құдайбергенұлы мен Арғынбек Есімханұлы қатысты.

Жас сарбаздардың алдынна шығып сөз сөйлеген ардагерлер жас кезін еске ала отырып шет елде әскер қатарында туыстарын сағына жүріп Отан алдындағы борышын қалай өтегендері туралы айтып берді. Тыңдаушылардың көз алдында қанды шайқастар, ысқырған оқтар мен қайсарлықпен соғысқан жас жауынгерлердің ерлікке толы өмірі елестеп жатты. Шынайы айтылған әңгімелер ешкімді де немқұрайлы қалдырған жоқ.

Өз кезегінде жас сарбаздар қонақтарға көптеген сұрақтар қойды. Қонақтардың бірде күлдіре, кейде ойландыра қайтарған жауаптарына жастар риза болды. Тағы да келіп естеліктерімен бөлісулерін өтінде.

Өз кезегінде Ауған соғысы ардагерлері жас сарбаздарға жақсы оқып, барлық жағдайға дайын болуы үшін талмай жаттығу жасаулары тиіс екенін ескертіп жатты.

Жиын соңында сарбаздар қадірлі қонақтармен суретке түсіп, жылы қоштасты.

 

Пікірлер