Гүлмира Сатыбалды адам ұрлаумен айналысты деген күдікке ілінді

3185
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөз
Фото: Ашық дереккөз

Гүлмира Сатыбалды адам ұрлаумен айналысты деп айыпталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Гүлмира Сатыбалдыға, оның бақылауындағы «Ария-Жаңа Астана» ЖШС компаниясының басшылығына және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты объектілерді салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша тергеуді жалғастыруда.

Бірнеше объектілер бойынша іс жүзінде орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстарына ақы төлеу нәтижесінде мемлекетке жалпы сомасы 3,9 милиард теңгеге аса ірі мөлшерде залал келтірілді.

Тергеу сатысында қабылданған шаралармен мемлекетке келтірілген залал толық өтелді.

Сондай-ақ, оған және оның сенімді тұлғаларына қатысты бірқатар кәсіпорындардың қатысу үлестері мен активтерін заңсыз иелену, адамды ұрлау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша тергеу жүргізілуде. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың алдын ала сомасы 6,6 милиард теңгеден асады.

Айта кетейік, Гүлмира Сатыбалды - Қазақстан экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер