Бекболат Тілеухан: Астанамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуы – тарихи әділеттілік

4047
Adyrna.kz Telegram

Бекболат Тілеухан «Астана» атауын қайтаруды қолдаған депутаттарды сынға алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Бүкіл жақсылықтың басында бейбіт күн, тыныштық тұратынын білесіздер. Осының кепілі Назарбаев еді. Қапияда жол тапқан, қараңғыда ел тапқан Назарбаев орыстармен де, басқамен де, тіпті Қытайдың тілін тауып, шегара шегендегені есімізден шығып кеткені қалай? Астанамыздың Нұр-Сұлтан деп аталуы – тарихи әділеттілік, елдің ерекше еңбегіне берген баға. Назарбаевтың көзіне қалай түсерін білмей жүрген бір-екі депутат кеше ғана Нұр-Сұлтанның атын жойып, Алаштың аяулы ақсақалының сағын сындырмаққа бастама көтеріпті. Бірақ бұл бүкіл қазақтың көзқарасы емес. Назарбаевтың 30-жыл ел басқарып жаза басқан жері бар шығар, алайда біз кешірімшіл дархан қазақ едік ғой, тағы да Қазақстанның аты ауысып жатса берекесі қашқан ел дейді емес пе? Сондықтан тарихи әділдігіне жүгініп Астана қаласының аты Нұр-Сұлтан деп аталды, сол атауында қалауы керек»,—деді ол.

Пікірлер