Жетісу облысында есірткі бизнесінің жолы кесілді

2622
Adyrna.kz Telegram

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында синтетикалық есірткі сатушы ұсталды, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

 

Облыстық есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өздеріне жүктелген арнайы операцияны сәтті аяқтады. Нәтижесінде полицейлердің жедел әрекетінің арқасында 49 жастағы Талдықорған тұрғыны құрықталды.  Ол синтетикалық есірткі сатумен айналысқан.  Күдікті есірткінің біршама дозасын өткізу кезінде қылмыс үстінде қолға түскен.

Аталмыш  азаматтың тұрғылықты жерін  тінту барысында полиция қызметкерлері синтетикалық есірткінің бес пакетін тапқан.

Айта кетейік,  ер адам бұған дейінде осы сипаттағы қылымысы үшін істі болған.  Ол 2016 жылы есірткі сатуға  байланысты құқық бұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылып, жазасын түзеу мекемесінде өтеген.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабымен қарастырылған "есірткі заттарын өткізу" бойынша қылмыстық ісі тіркелді.  Ұсталған талдықорғандық қамауға алынды.

Жалпы жыл басынан бері Жетісу облысында заңсыз айналымнан 28 кг түрлі есірткі, оның ішінде 3 кг "синтетика" тәркіленіп, 22 есірткі сатушы ұсталды.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер