Алматыда 20 жастағы жігіт қыздарды тұншықтырып, тонаған (ВИДЕО)

3287
Adyrna.kz Telegram

NEET санатындағы жұмыссыз жастардың қатарын толықтырып жүрген бұл азамат ойға алған ісін түнгі уақытта жүзеге асырып келген, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жігіт кеш қарайған шақта жолда жалғыз келе жатқан қыздарды тұншықтырып, кейін бағалы заттарын қолды қылып отырған.

 

“Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 20 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта тонау бойынша үш деректі анықтадық. Бір эпизод бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қыздар төтеп бере алмайтын жағдайға жеткен кезде, ол барлық құнды заттарды: ұялы телефондарды, ақшаны алып, қараңғы көшелерде тығылып қалған. Сондай-ақ қаскөй жәбірленушіден тартып алған ақшамен дүкенде төлем жасағаны да анықталды. Ол өз ісін мойындады. Қазір күдіктінің қаладағы осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде”, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер