Атырауда 22 жастағы әйел үшемді дүниеге әкелді

3385
Adyrna.kz Telegram

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды «Адырнa» тілшісі.

8 қыркүйек - Отбасы күні қарсаңында жарық дүние есіген ашқан нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы 1 келі 800 граммнан, үшіншісі 2 келі 200 грамм.

- Қазір әйелдің де, балалардың да жағдайы жақсы. Балалар анасының қасына шығарылды. Жас ана болған соң сәбилерді бағып, ем-дом жасауға арнайы медбикелер тағайындалды. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Әзірге қашан шығатындары белгісіз, деді орталықтың шала туылған нәрестелер патологиясы, II кезең күту бөлімшесінің меңгерушісі Түрлен Бегеева.

Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелді. Шұғыл ота орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиевтің жетекшілігімен өтті.

Айта кетейік, Атырау облысында 2022 жылдың 8 айы ішінде 11 333 сәби дүниеге келген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер