Өз баласын сатқаны үшін сотталған бойжеткен абақтыда тұрмысқа шықты

3567
Adyrna.kz Telegram

Өз баласын сатқаны үшін сотталған бойжеткен Атырау колониясында тұрмысқа шықты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өткен жылы 21 жастағы оралдық бойжеткен жүкті болып, босанған болатын. Бірақ ауруханадан кейін ол жаңа туған сәбиін сатуға шешім қабылдады. Оны полиция қамауға алып, сот үкімі бойынша қыз жеті жылға бас бостандығынан айырылды.

Сотталушы Оралдағы уақытша ұстау изоляторынан Атыраудағы әйелдер абақтысына ауыстырылды. Қыз түрмеге түссе де, ғашығы оны тастап кетпеген. Ғашықтар түрме басшылығына некені заңдастыру туралы өтініш жазып, келісімін алған.

«Осы жерден шыға сала той жасаймыз. Ал бүгін біз тортпен шектелдік. Әрине, мен ана атанамын және қателігімді қайталамаймын», - дейді сотталушы.

Қыз алты жылдан кейін ғана бостандыққа шығады. Оған дейін күйеуімен ай сайын кездесе алады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер