“12 мың портфель”: «Самұрық-Қазына» қоры оқушыларға сыйлық берді

2556
Adyrna.kz Telegram

«Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары жыл сайын өз қызмет аймақтарында «Мектепке жол» республикалық акциясына қатысып, ата-аналарға оқу жылының басына дейін балаларды дайындауға көмектеседі. Бірақ Қор балалар жылы аясында акцияға орталықтандырылған түрде қатысып, бар өңірлердегі 12 000 болашақ бірінші сынып оқушысына қажетті оқу құралдары жиынтығымен рюкзак түрінде сыйлық беруді ұйғарды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

SK NEWS сайтының мәліметінше,  Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен бастау алған «Мектепке жол» акциясы биыл «Шекарасыз жақсылық!» ұранымен өтті.

«Акция аз қамтылған, көп балалы отбасылардан шыққан мектеп оқушыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қажетті көмек көрсету мақсатында өткізілуде. Әрбір мектепте әлеуметтік көмекке мұқтаж балалардың атаулы жеке тізімдері жасалған. Оған барлық қамқор азаматтар, кәсіпкерлер, меценаттар қосылып, мұқтаж жандарға қолдау көрсете алады», – дейді Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев.

Мемлекет үндеуіне алғашқылардың бірі болып «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры үн қосты. «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту корпоративтік қорынан мектеп құрал-жабдықтарын сатып алуға 185 миллион теңге бөлінді, ал Қордың Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығына (ЦСВК) сыйлықтар дайындап, өңірлерге жеткізу тапсырылды.

Ұжым Қазақстанның он облысының – Қор компаниялары жұмыс істейтін өңірлердің әкімдіктерінен халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан отбасылардың тізімін алды. Сыйлықтар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Павлодар, Абай облыстарынан келген балаларға беріледі.

Айта кетейік, мектепке қажетті құрал-жабдықтармен бірге бір рюкзактың құны 15 мың теңге. Жиынтықта 12 зат бар - қаламдар мен қарындаштары, қарындаш қорапшасы, өшіргіш және ұштағыш, сонымен қатар дәптерлер, түрлі-түсті қағаз, эскиз дәптері, бояулар, қылқаламдар және аяқ киім ауыстыруға арналған сөмке бар.

1 қыркүйекке дейін рюкзактарды жинап, оқушыларға жеткізу үшін ЦСВК қызметкерлері кідіріссіз оқу құралдарын мерзімінен бұрын сатып алды.

12 000 рюкзактарды жабдықтау оңай болмағандықтан көмекке еріктілер келді. Жоба үйлестірушісі, Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникация орталығының HR маманы Айгүл Смайылова атап өткендей, көптеген портфельдік компаниялардың өз волонтерлік топтары бар, олардың есепшотында бір емес, бірнеше сәтті іс-шаралар бар.

Акцияға Алматы қаласының волонтерлік ұйымдары да шет қалмай қосылды. Ал «Самұрық-Энерго» компаниясы Алматы ЖЭО-1 аумағынан қойма берді. Мұнда волонтерлер небәрі бес күннің ішінде облыстарға сыйлықтарды қалыптастырып, аяқтап, жөнелте алды.

Осындай жұмысқа дағдыланған «Қазпошта» АҚ қызметкерлері де акцияға атсалысты.

«Біздің компания жобаны қолдап, белсенді қатысты. Біз еліміздің 10 өңіріндегі 12 мың болашақ бірінші сынып оқушысы үшін оқу құралдарымен жинақтарды діттеген жеріне жеткіземіз. «Қазпочта» қызметкерлері өңірлерге тасымалдауды сұрыптап, қаптап, әрі қарай қамтамасыз етуге көмектеседі», - деп түсіндірді «Қазпочта» АҚ корпоративтік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Сәуле Әбілбаева.

«Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов волонтерлерге өз қолдауын көрсетіп, бұл күндері еріктілерді сөзбен ғана емес, жеке өнегесімен де шабыттандырды.

«Әр рюкзакта біз барлық қажетті оқу құралдарын және жүрегіміздің кішкене жылуын саламыз. Бұл белгілі бір күнге арналған «оқиға» ғана емес. Бұл біздің азаматтық борышымыз», – дейді Ғибрат Ауғанов.

«Қайырымдылық акциясына қатысқан алғашқы күннен-ақ мен бүкіл Қор қызметкерлерінің игі және жарқын іс жасауға деген құлшынысы біріктіретініне тағы бір мәрте көз жеткіздім. Біз, энергетиктер, біз жиі өткізетін әртүрлі қайырымдылық шараларына қатысуда үлкен тәжірибеміз бар. Биылғы жылы Қордың өңірдегі балаларға жаңа оқу жылына дайындалуға орталықтандырылған түрде көмектесіп жатқанына қуаныштымын», - деді өз әсерімен бөліскен «Алматы электр станциялары» АҚ өкілі Фариза Ботақараева.

Еріктілер күн сайын таңғы 8-ден кешкі 5-ке дейін жұмыс істеді. Әлеуметтік өзара әрекеттестік және коммуникациялар орталығы Алматы ЖЭО-1 асханасында оларға түскі ас ұйымдастырды.

«Мен бұл акцияға өз еркіммен қатыстым, өйткені балаларға жақсылық жасау өмірдегі ең жағымды нәрсе. Қордың мұндай игі істерге атсалысудан шет қалмағаны қуантады», – дейді Алматы ЖЭО-1 ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметкері Ақылбек Ерғазиев.

Ақылбек қазір 19 жаста, оның өзі мектеп қабырғасынан шыққанына көп уақыт өтпеді. Қайырымдылық шарасына қатысып, сол алаңсыз уақытқа қайта оралғандай болды.

«Мектепке жол» жобасының тағы бір волонтеры және үйлестірушісі Ая Жүнісова мұндай шаралар Қазақстанның түкпір-түкпірінде жиі өткізіліп тұруы керек деп есептейді.

«Еңбекпен еліміздің және оның болашағы - балалардың дамуына үлес қосып жатқанымызды түсіну қуантады», - дейді Ая

Бес күннен кейін 12 000 рюкзактар ​​салынып, жиналды. Қор компанияларының басым бөлігі шоғырланған және жеткізуге көбірек уақыт қажет болатын елдің батыс өңірлеріне сыйлықтар салынған қораптарды бірінші болып жөнелттік. Мейірімділік эстафетасын қоржындық компаниялардың қызметкерлері мен еріктілері алып кетті. Олардың қиын, бірақ жағымды миссиясы бар - балалардың өздеріне және олардың ата-аналарына сыйлықтар тарату.

1 қыркүйекке қарай әр бала көптен күткен рюкзактарын алды.

”Адырна” ұлттық порталы 

 

Пікірлер