«Рухани жаңғыру»: «Туған жер» және маңызды жобалар қалай іске асуда?

639

«Ұлттық рухани жаңғыру» бағдарламасы қабылданып, іске асуда. Бұл бағдарламаның Қазақстан үшін маңызы зор, ал Жаңа Қазақстан үшін құндылығы тіпті жоғары. Неге? Себебі Жаңа Қазақстанды қалыптастыру үшін, мемлекетті қайта рухани трансформация жасау маңызды. Тарихты терең зерттеу, тілге реформа жасау мен ұлттық рухқа серпін беру, ұлттты ұйыстыратын бағдарламалар әзірлеп, оларды іске асыру өзекті мәселелер қатарында. «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасының аясында «Туған жер» жобасы іске асып жатыр.

«Рухани жаңғыру» жобасы аясындағы маңызды бағдарламалар латын графикасын енгізу болып табылады. Қазірдің өзінде қазақстандықтар, әсіресе, жастар арасында латын әліпбиін кеңінен қолдану іске асуда. Латын әліпбиі әлі нақтыланбады, соған қарамастан халық арасында бұл өзгерістерді қолдайтындар аз емес. Дүкендердің атауларын, нысандар мен көше аттарын, мемлекеттік органдардың атауларын латын әліпбиіне ауыстыру іске асуда.

«100 жаңа тұлға» жобасы да сәтті іске асуда. Жобаның мақсатын қазақстандықтарды халыққа таныту. Бұл жоба өз ісінің кәсіби мамандарын көпшілікке таныту мақсатында жасақталды. Нәтижесі жаман емес. Жүздеген адам Қазақстан қоғамына танылды, ел олардың ерліктері мен сәтті жұмыстарын жоғары бағалауда. Халық танып, жұрт құрметтеуде. Жоба барлық жанға бірдей мүмкіндік беріп келеді. Жетістікке жеткен, кәсіби, адал жан болсаң, олардың қатарынан сіз де табыла аласыз. Бұл әр қазақстандыққа мотивация беретін жобаға айналды.

 «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы да отандық барлық жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдерінің студенттері мен республикалық аудармашылар, филологтар, редакторлар арасында танымал жобаның бірі. Жоба өте жоғары әлеуетке ие және әлемге танылған 100 оқулықтың сапалы түрде қазақ тіліне аударылуына әсер етті. Сапасыз, мағынасы өзгерген оқулықтар сөрелерден алынып тасталуда. Орнын сапалы, әлемдік туындылар басуда. Ең бастысы қазақ тілінде. Бұл оқулықтар Қазақстанның гуманитарлық ғылым саласын дамытуға өз әсерін тигізіп жатыр. Қоғамдық ғылымдар алға жылжып келеді деуге толық негіз бар.

Әлеуеті зор тағы бір ірі жоба, басқалармен салыстырғанда еленбей қалған «Туған жер» патриоттық бағдарламасы барын да айтуға тиіспіз. Шындығында, бағдарлама идеясына нағыз патриоттық сезімді тәрбиелеу ғана емес, сонымен бірге өзінің ұлттық мәдени-генетикалық кодын сақтау, Отанға деген парасаттылық пен эмоционалдық қатынасты үйлестіру де кіреді. Бағдарламаның мақсаты туған өлкесін өркендетуге, көркейтуге бей-жай қарамайтындарды тарту, түптеп келгенде, әлеуметтік мәселелерді шешу болып табылады. Осының аясында туған жерге туын тігіп, өскен өлкесіне ағаш еккендер саны аз емес. Ал кәсіпкерлер қауымы болса өз өлкелеріне көпір, балабақша, жол, спорт және өнер көрсету кешендерін салып, мектептер мен ауруханаларды жөндеуден өткізіп жатыр. Сенбіліктер ұйымдастырып, саябақтар салуда. Жұмыс орындарын ашып, халықтың әлеуметтік жағдайының өзгеруіне де әсер етуде. Бұл «Туған жер» бағдарламасының басты міндеті екенін ескеруге тиіспіз.

2018 жылы мектеп бағдарламасына туған өлкенің тарихын, табиғатын, мәдениетін тереңірек білу үшін «Өлкетану» кешенді оқыту курсы енгізілді. Бұл жоба аясында оқу пәндері бойынша оқыту жүргізілді. Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, география, музыка хрестоматиялары да жарық көрді. Сынып сағаттары, сыныптан тыс жұмыстар, мұражай сабақтары өткізілді. Бұл өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеудің тамаша әдісі. Жас ұрпақты туған өлкесін сүюге тәрбиелеуді мектеп табалдырығынан бастау аса маңызды екені айтпаса да түсінікті.

«Рухани жаңғыру» осы салалар бойынша іске асуда. Өзге де аты аталмаған бағдарламалар мен жобалар жетерлік. Оларды да жеке талдап, қарастыру маңызды.

 

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket