Любовь Клейменова сегіз жасынан бастап әкесі мен ата-әжесінің қолында тәрбиеленген. Он жасында туыстары анасының қайтыс болғанын айтып, қайтыс болғаны туралы куәлікті көрсетті, деп хабарлайды «Адырна» «Мой город» басылымына сілтеме жасап.
Әйел «Мой город» порталының журналистеріне анасының еркелігін, қамқорлығын, ыстық алақанын армандап, түрмеде отырғандай өмір сүргенін айтты. Анасы Вера Чернояровамен өткізген соңғы күн оның жадында мәңгілік қалды.
28 жылдан кейін ол анасын тірідей тапты. Любовь Клейменова оны отанына қайтару үшін барлығын жасады, Ресейде ешқандай құжатсыз жүрген анасы қызымен қауышқан.
«Атаммен сотта оның қайтыс болуы туралы куәлікті жоюға тура келді, өйткені ол мені қамқорлыққа алған және осы құжаттарды әдейі жасаған. Сосын мен оған балалығыммен сендім. Жол бойы мен қатты уайымдадым, кездесуде бір-бірімізді құшақтап үнсіз жыладық. Тынышталды. Біз сөйлестік. Мен оны Астраханьдағы елшілікке апардым», - дейді Клейменова.
Әйел анасы ақырындап жаңа елге үйреніп келе жатқанын айтады. Немерелерімен ойнап марқайып жүргенін де жасырмады.
«Анам менімен бірге тұрады. Оның екі көзі бірдей көрмейді. Бірақ маған бәрібір, бастысы анам қасында! Мен бұл туралы өмір бойы армандадым», - деп атап өтті қыз.
Айтуынша, ол анасын бақытты ету үшін бәрін жасайды.