Ұлттық жоба – қоғам дамуының кепілі

725

Ордалы отызды еңсеріп, қамал алуға бекінген елдің егемендігін сақтау тек ұлыларға тән іс.  Қилы заманды бастан өткеріп,  шұғылалы шуақты күнге қол жеткізген қазақтың кезекті рет құлашын кеңге жайып, қарыштап қадам басуы текті жұрттың тегеурінді әрекетінің арқасында орын алды. Ауыз толтырып айтарлық істердің барлық бастауы ұлттың беделін құлатпай, бедерін жоғалтпасын деген ниетте жасалған бірегей жобаларды іске қосу арқылы жүзеге асты. Соның айқын дәлелі – «Ұлтық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы.

Алты алаштың асығы алшысынан түссін деген ниетте құрылған бас жоспардың әмірі күллі республика көлемінде жүріп отыр.  Ұлттың мүддесін бір арнаға ұйыстыруды көздеген бұл жұмыстар Алматы облысында да атқарылуда. Бұл туралы Алматы облысы «Рухани жаңғыру» орталығының басшысы Ерасыл Толымбекұлы айтып берді.

Мемлекеттің мерейі үстем болуы үшін жасалған  арнайы жобаның негізі «Тұлғалық даму», яғни білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы, ұлттық бірегейлікті сақтауды және халықаралық позицияларды  нысанаға алған «Ұлттың дамуы» сондай-ақ мемлекеттің, азаматтық қоғамның және жергілікті қоғамдастықтың дамуы  сынды үш бағыттан құралған.

Үш тағанын темір қазығы ретінде алған бас құжат өзіне тән жеті міндетті жауаптылардың алдына жіпке тізіп берді. Тиісті орталықтар мен басқармалар міндеттерді мінсіз атқаруға өткен жылдың соңына таман жоспар бекітілгеннен –ақ кірісіп кетті. Бүгінгі күні мәнді істер атақарлып та жатыр.

«Ұлттық жоба аясында қоғамдағы  барлық істердің тиянақты атқарылуына баса мән берілген. Баршаға аян үш бағыт, жеті міндет, жиырма бір  көрсеткіш пен алпыс алты іс-шарадан тұратын бұл бірегей бастама бұрынғыдан ерек. Алматы облысында былтыр жылдың ортасынан бастап іске кірістік. Әр бағыт бойынша ұзын-саны 15-ке тарта жобаларымыз бен апта сайын өтетін іс-шараларбар. Оның барлығы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен «Рухани жаңғыру» департаментінің келісімімен бекітілген», - дейді Ерасыл Толымбекұлы.

Ұлттық мүдде жолында еңбек етіп жүрген азаматтың сөзіне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін үшінші бағыттың негізінде  Алматы облысында  қала жастарының арасында «Дәстүр мен ғұрып» байқауы ұйымдастырылып, өткізілген. 40-тан аса бала бақ сынаған сайыстың негізгі мақсаты келер ұрпаққа жеті атасын тануға ықпал ету. Сол арқылы дархан қазақтың даналғы мен даралығын насихаттау.

«Байқау түрінде ұйымдастырылған жарысқа қала мектептерінде оқитын оқушылар қатысты. Сайыс екі кезеңнен құралды. Бірінші кезеңде қатысушылар өзінің жеті атасын жатқа айтып, әр біріне жекелей тоқталып өтсе, екінші кезеңде олар өздерінің қалаулары бойынша тектінің тұқымы екенін көрсету негізінде батыр, жауынгер, ақын, я күйші, ғұлама, би бабаларының болмысын бүгінгі қоғамды құраушы ұлтқа өз көзқарасытарында сахналандырылған көрініспен жеткізді. Сайыс талаптарын мүдірмей орындаған, сыннан сүрінбеген қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Барлық жарыстар сынды қазылар алқасының шешімімен бас жүлде, бірінші, екінші және үшінші орын иегерлері анықталды.  Жеңімпаздарға арнайы бағалы сыйлықтар табыс етілді.  Қазақ «жеті атасын білмеген – жетесіз» деп жатады. Осыны басшылыққа ала отырып, салиқалы ұрпақтың санасына қастерлі ұғымның мән – маңызының орасан зор екенін ұқтыру біздің басты міндетіміз болды»,-деді Ерасыл Толымбекұлы.

Сонымен қатар, ұлттық бірегейлікті сақтау бойынша, Алматы облысының әкімшілік орталығы Қонаев қаласында республикалық «Үкілі домбыра»  күйшілер сайысы өткізілді.

Сөзден маржан терген, көркем  ойды кестелеген ақындардың сайысы жер –жерде жыл сайын өтеді. Бұл дәстүрлі шараға айналды. Ал, күйшілер көбіне тасада қалып жатты.  Сол себепті де, «Ұлттық добыра күні» аясында республикалық күйшілер арасында жарыс ұйымдастырдық. Жамбыл, Түркістан,  Қарағанды, Ақмола, Шығыс Қазақстан, жаңадан құрылған  Абай және Жетісу  облыстары мен өзгеде аймақтардан бір-бір күйшіден жарысқа қатысты деген Ерасыл Толымбекұлы осылайша, жас күйшілер Қонаев қаласының аспанын  таңнан қара кешке дейін күймен тербегенін  тілге тиек етті.

Ұлттық жобаның шеңберінде атқарылатын істер мұнымен таусылмақ емес. Үсітімздегі жылдың 25-27 тамыз аралығында дәстүрге айналған, Алматы облысы «Рухани жаңғыру» орталығының төл жобасы «IQ doda» зияткерлік сайысы бастау алады. Жобада көзделгендей қазақстандық бірегейлік пен зияткерлік әлеуетті арттыруға бағытталған шара мемлекеттік тілді дамытуға да өзіндік үлесін қосуда.  Өйткені төл шараның ерекшелігі үш жыл қатарынан тек қана қазақ тілінде өткізіліп келеді.

«Ойын жеті кезеңнен тұрады. Оның ішінде, Қазақстан және дүниежүзі тарихы, ел мәдениеті,  ата заң, тіл, тіпті арнайы дерекқорлардан сұрақтар кездеседі. Халық арасында қызғушылық тудырып жүрген білімділер бәсекесіне қатысам деушілер саны толассыз, қазірдің өзінде 18 топ жарысқа қатысуға құлық танытып отыр.  Аталмыш  додаға 18 бен 63 жас арасындағы Қазақстан Республикасының кез келген тұрғыны қатыса алады»,-деп атап өтті ол.

Ұлттық жобаның негізгі нысанасы –жастар. Сондықтанда келер ұрпақтқа  кемел болашағын өз қолымен құруына ықпал ету көзделген.  Осы орайда, «Тәуелсіздік ұрпақтары» атты бағыт жоспарға кіріктірліген. Осының төңірегінде Алматы облысында «Ұлт тәрбиесі» деген ауқымды жоба жолға қойылды. Онда  облыс аумағындағы NEET санатындағы жастар мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды.

Алматы облысы екіге бөлінбей тұрған кезде басталған жоба 700-ге жуық мектептегі барлық оқышыларды қамтыды.  Сонымен қатар жұмыссыз жастарға да жөн көрсетіп, жол сілтеген жайы бар.

«Үлкен өмірге енді қадам басқалы отырған мектеп түлектері үшін арнайы профорентациялық жұмыс жүргіздік. Бұл бағыт бұрынғыдан өзгерек. Біз жастарға қандай мамандық түрлері бар екенін. Заман талабына , бүгінгі қоғамның ағымына сай ненні таңдау керек, ұтар тұстары қайсы соны өзіміз жіктеп түсіндірдік. Тек оқушыларға айтып қана қоймай, ата-аналарына да түсіндірме жұмыстар өткіздік. Кездесу соңында ойлары өзгеріп, таңдаған бағыттарын айқындап жатқандар көп кездесті. Осының өзі қолға алған ісіміздің жемісті нәтижесі деп айтсақ артық айтандық емес.  Сондай-ақ, ауылдардағы жұмыссыз жастарменде келелі кезедсу жасадық. Оларға түрлі бизнес жобаларды іске асыруға арналған мемлкеттен берілетін қолдаулар мен гранттар туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздік.  Соның арқасында кейбірі «Zhas Project» жобасына қатысты. Олай айтуыма толықтай негіз бар. Бүгінгі күні аталмыш жобаға Алматы облысы жастарынан келіп түскен өтінімдер саны 2 мыңнан асып жығылады. Өтінім бергендер қатарында NEET санатындағы жастарда бар.  Бұлда болса келелі істің өзіндік көрсеткіші дер едім», -дейді.  

Жоғарыда аталғандай ұлттық жобаның өрісі кең. Мәселен,  мұндағы бағыттардың бірінде меценаттар салған және жөндеген нысандарда кіріктірілген.  Алматы облысы атымтай жомарт азаматтардан кенде емес.  Бірі жасырын, бірі жария қайырымдылықтан қалыс қалмаған ел ағалары жобаның көкжиегін кеңейтуге өзіндік үлесін қосып жүр.  Аймақта жоспарға сәйкес, 15 нысанның келбеті  жомарт жүрек иелерінің қолдауының арқасында  ретке келтірілуі тіис. Қазіргі таңда оның 8-і қолданысқа берілген. Алдағы уақытта қалған 7 нысан бой түземек.   Айта кетейік, бұл объектілердің ішінде түрлі спорттық кешендер, балалар ойын алаңы, демалыс орындары, тіпті мәдени нысандарда бар.

Ерасыл Толымбекұлының айтуынша, жылдың соңында аталған азаматтарға алғыс нышаны ретінде «Қарекет ет батырым!» атты Бейсен Құранбек атындағы облыстық марапаттау жобасында арнайы алғыс хаттар мен естелік сыйлық табысталады. Және де ресупблика көлемінде өтетін «Жомарт жүрек»  сайысына өңір атынан меценаттарымызды түрлі аталымдар бойынша ұсынамыз. Өткен жылы 12 азаматты ұсынып, олардың 6-ы жеңімпаз атанған болатын, биыл  15 адамды ұсынып отыр. Олардың нәтижесі жыл соңында белгілі болады.  

Саналы ұрпақ қалыптастыру үшін әуелі сауатты болуымыз шарт.  Осыны ескерген үкімет басы «Оқитын ұлт» деген тармақты жобаға қосты. Өңірде саналы ұлттың, ұрпағы сауатты болуы үшін сан түрлі істер атқарылды. Оның басым бөлігі өткен жылы іске асырылған.

«Былтыр  Талдықорған қаласында үш жерге Wendig құрылғысын орнаттық.   Бұл аппарат толықтай автоматтандырылған.  Ішінде алты бөлім бар.  Кітаптар әр бөлімге бөлініп қойылған. 5 сұраққа берілген уақыт ішінде  дұрыс әрі нақты жауап берген адам өзі қалаған кітапты ала алады. Бұл жобамыз өміршең деп айтуға негіз бар. Бүгінгі күні аталған бастама республикада үздіктер қатарыннан көрінуде. Құрылғы «City Plus» ойын-сауық орталығында, бірі №9 мектептің сұрауы бойынша аталған білім ұясында тұр, ал үшіншісі Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде орнатылған»,-деп атап өтті.

Тасын түртсе тарихы сөйлейтін осынау мекеннің шөлі мен шөлейтінің де өзіндік сыры, аңызға бергісіз шындығы, һәм төл тарихы бар. Бұлда қазақтың қай перзінтіне болмасын  құнды дерек, асыл мұра екені даусыз. Сол себепті облыста «Оқитын ұлт» жобасы аясында «Өлкетанушылар» корпусын дамыту бойынша келелі істер атқарылуда.   Мұнда, қойнауы көң тарихтың сырына толы дархан даланың деректері топтастырылмақ.  Солайша, бір  дәуірді тәрбиелейтін жинақ жарық көреді деп күтілуде.

Тыңнан түрен салған жоба биыл  екінші рет жалғасын тапқалы отыр. Бұған дейін өткен жылы «Жетісу өңірінің аңыз-әңгімелері» деген жинақ жарық көрген.  Онда ауыздан-ауызға тараған ел арасындағы дәйектер жинақталған.  Бір мың данадан тұрған жинақ, мектептегі оқулықтарға қосымша христаматия ретінде ұсынылған еді.

«Жаңа деңгейге көтерілген мемлекеттің бүгінгі бағындырған межесі, келер алар асуы бұрынғыдан өзгеше екенін «Ұлттық рухани жаңғыру»  ұлттық жобасы дәлелдеп отыр.   Бастысы «Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай»  мемлекет мүддесінің жолында ұйыса білсек, «Қазақстан» атты кеменің желкенін мәңгі көтеруіне кепіл боларымызға  шүбә жоқ»,-деп сөзін түйіндеді Ерасыл Толымбекұлы.

Расында, ұлықталар істеріміз көп болса, ұлтымыз  ұлы көштен қалмасы анық.

Анар САБЫРОВА,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket