«Ауылдағы екі апта» жобасы арқылы Маңғыстаудағы Зияткерлік мектеп оқушылары жазғы демалыстарын тиімді өткізді   

1206

Ақтау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Ауылдағы екі апта» әлеуметтік жобасы аясында жазғы демалыстарын ауылда өткізді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

  «Ауылдағы екі апта» — ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрлерді танып, ауылдың тұрмыс-тіршілігін білуге бағытталған әлеуметтік тәжірибе. Басты мақсаты – ауыл өмірімен танысу арқылы оқушы бойына рухани құндылықтарды сіңіру, ауылдағы үлкендердің өнегелі әңгімесін тыңдау, құрбы-құрдастарымен араласу. Жоба аясында ауылдағы ата-әжесіне немесе ауылдағы туысқандарына барып, ауыл өмірімен танысып, күнделік жүргізіп, фото және видео материалдар жинақтайды. Осы мақсатта ұйымдастырылған бұл әлеуметтік жобаға Зияткерлік мектептің 7-11 сынып оқушылары  қатысты.

 «Екі апта ауылда» жобасы ұлттық құндылықтарды сақтау және оқушының болашақ қоғамға бейімделуіне бағытталған керемет мүмкіндік беретін жоба. Бұл жобаға мектеп оқушылары асқан қызығушылықпен қатысады. Көп оқушылар осы жобаға қатысқан кезде ауылдағы ағайынның тыныс тіршілігімен етене таныс болды. Ата-аналар тарапынан да бұл жоба оң бағасын алып үлгерді”,- дейді Назарбаев Зияткерлік мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айбар Бейбітұлы 

«Ауылдағы екі апта» әлеуметтік жобасына белсенді қатысқан балалар өте көп, соның бірі Зияткерлік мектебінің сегізінші сынып оқушысы Дамир Аманжол. Дамир Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Сарға ауылында екі апта болып, елдің тыныс тіршілігімен танысып, ауылдың алдыңғы қатарлы тұлғаларымен сұқбаттасып қайтқан.

Сондай ақ Дамир ауыл әкімі Еміл Тұрланмен сұқбаттасып, ауылдың хал-ахуалын сұрап, алда ауылдың өркендеуі үшін жасалатын шаралардың жоспарын білді.  

“Сарға ауылының тұрғындары мен өте жақсы қарсы алды. «Ауылдағы екі апта» жобасы аясында ауыл әкімімен, мектеп, кітапхана қызметкерлерімен сұқбаттастым. Сарға ауылының  белді азаматы, грэпплингтен әлем чемпионатының қола жүлдегері, спорт шебері Ақниет Иманғалиден сұқбат алу мен үшін үлкен жетістік болды.   Барлығы мені қуана қарсы алып, білгендерімен бөлісті. Ауыл балалары да жылы лебіздерін білдіріп, атқа міну, асық ату секілді ұлттық ойындарды үйретті”,- дейді Дамир Аманжол 

«Ауылдағы 2 апта» әлеуметтік жобасы қазақ баласындағы адамгершілік рухани құндылықтарын өзгерте алады.  Ауыл — дәстүрлі қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан қауымдастық. Қазақ халқындағы «Ауыл түбі-бірлік, қауым түбі-тірлік» деген мақал ауылдың  этникалық,  экономикалық және рухани маңыздылығын білдіреді.

  Осыған байланысты бұл жобада баланың ауылдағы тұрмыс-тіршілігіне қызығушылығын айқындайтын және оны жандандыруын қарастырады.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket