“Путин зымыран соққыларын жасауы мүмкін”: АҚШ Украинаға ескерту жасады

2542
Adyrna.kz Telegram
Фото: currentime.tv
Фото: currentime.tv

АҚШ барлауы қызметінің хабарлауынша, Ресей жақында Украинадағы мемлекеттік нысандар мен қоғамдық инфрақұрылымдарға шабуыл жасайды. Бұл туралы Reuters пен The New York Times америкалық шенеуніктің мәлімдемесін жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

АҚШ билігі украиндықтар қауіптен сақтансын деген мақсатпен барлау қызметінің мәліметін әдейі таратқан.

Украина кеше Мемлекеттік байрақ күнін атап өтті

Бүгін, 24 тамыз – Украинаның тәуелсіздік күні. Бұның алдында президент Владимир Зеленский мереке күндері Ресей «аса қатыгез әрекетке» баруы мүмкін екенін ескерткен.

Украина қорғаныс министрлігінің Бас барлау басқармасы да украиндықтарға мереке күндері аса сақ болуға кеңес берді.

“Елдің ішкі-сыртында зымыран соққылары және басқа да арандату әрекеттері болуы мүмкін”, - деп мәлімдеді барлау басқармасының өкілі Андрей Юсов.

Бұл аптада Киевте көп адам жиналатын шараларға тыйым салынды. Қала полициясы тұрғындарды 23-25 тамыз аралығында әуе дабылына бей-жай қарамауға шақырды.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер