Абзал Құспан өзін "қызыл адвокат" деп айыптаған Болат Әбіловты сотқа берді

3272
Adyrna.kz Telegram

Белгілі адвокат Абзал Құспан кәсіпкер Болат Әбіловты сотқа берді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

"Мен күні бойы сот процесінде жүрмін. Сот онлайн режимде "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 73-3 бабының 2-бөлігі бойынша Болат Мұқышұлы Әбіловке қатысты әкімшілік материалды" қарайды. Арыз беруші Абзал Құспан, мен 14 шілдеде "Майдан" YouTube каналына берген сұхбатымда оны "қызыл адвокат" және "билік адамы" деп айтқан едім. Бұл 2022 жылғы «Қаңтар трагедиясын» тергеу аясында айтылған еді", - деп жазды Болат Әбілов өзінің фейсбук парақшасында.

Арыз беруші Абзал Құспан да бұл ақпаратты растады.

"Иә, менің арызым бойынша сот процесі жүріп жатқанын растаймын. Кейбір адамдар тілі мен жағына сүйенгенді ұнатады, бірақ өз сөздері үшін жауап бергісі келмейді. Айттым ғой, жақын арада ойбайшыл бір саясаткер ойбайлап бастайды деп, ойбайламақ түгілі мамаласа да, енді заң құрығынан құтыла қоймас. Айтпақшы, ол мен туралы тек "биліктің адамы" мен "қызыл адвокат" деп қана айтқан жоқ, сот талқылауынан кейін бәрін хабарлаймын. Біз соттасып жатырмыз, әзірше оның Назарбаев жүйесімен күрескен жалғыз "қаһарман" ретінде көрсететін видеосын көріңіздер", - деп жазды Абзал Құспан. 

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер