Әскерде «беташар» өткізген сарбаздар елдің ашуын тудырды (ВИДЕО)

1222

Әлеуметтік желіде таралған видеода әскерилер үш сарбазды ортаға алып, біреуі жаңа түскен келіндей көпшілікке сәлем салып жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Экспресс К сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбаның нақты қашан және қай жерде түсірілгені белгісіз. Видеода бір топ сарбаз ғимараттың ішінде "беташар" рәсімін өткізуде. Жас келін мен оны қолтықтап тұрған екі жеңгесінің рөлінде сарбаздар тұр. Кадр сыртындағы асаба домбырамен әндетіп, "келінге" жаңа туыстарын таныстыруда. Басқа сарбаздар ортаға қойылған әскери бас киімге ақша тастап, мәз боп жатыр. Сарбаздардың көңілі көтеріңкі екені байқалады.

Сарбаздардың бұл әрекеті көпшіліктің ашу-ызасына тиді. "Қазіргі біздің әскердің сиқы осы", " Ұятсыздар", "Ел қорғай ма десек, мыналардың істеп жүргені мынау" деген сыңайдағы пікірлер көптеп кездеседі.

Кейбір қолданушылар бұл әскердегі әлімжеттіктің салдары да болуы мүмкін деп топшылапты. "Қай бала келіншек болғысы келеді. Осылай жалғаса береді, өлмегенде не істейді?" дейді жұртшылық. Сондай-ақ видеодағы көріністі жәй әзіл, көңіл көтеру үшін жасалған дүние екенін айтқандар да бар.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket