Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілген бе?

2779
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

17 тамыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ерлан Тұрғымбаев Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды. Ал 18 тамыз Нурсултанский соловей» телеграм-каналы «Тұрғымбаевтың үстінен қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілгенін» мәлімдеді. Бұл туралы канал полиция генерал-лейтенанты Е.Тұрғымбаев кеңесшіліктен кетерден төрт күн бұрын ғана жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы К.Мәсімовке қатысты жүргізілген тергеудің нәтижесі бойынша ІІМ-нің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа «Қаңтар бүлігіне» қатысты айып тағу мәселесі шешіліп жатыр», делінген жазбада.

Сондай-ақ, телеграм-канал бүлік болған күндері Мәсімовтің Тұрғымбаевты әрекетсіздікке итермелегенін, «Алматыға шабуыл жасаған 20 мың террорист» туралы президентке Тұрғымбаевтың айтқанын, оны Мәсімовтің растағанын жазған. Бұдан бөлек, Мәсімов пен Тұрғымбаев Елордаға шабуыл жасалуы мүмкін екенін жеткізіп, мемлекет басшысын Ақордадан кетіп қалуға үгіттеген көрінеді.

Тоқаев Қаңтар бүлігіне қатысты кезекті бір сұхбатында өзін «кейбір азаматтардың самолетпен немесе вертолетпен Ақордадан кетіп қалуға үгіттегенін» айтқаны рас. Бірақ бұлардың арасында Тұрғымбаев болды ма, жоқ па, ол жағы әзірге белгісіз.

“Адырна” ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врачи молчат об этом! Это вытянет всю боль из колен, таза и спины
Пікірлер