Ереван сауда орталығындағы жарылыс: Арменияда қаралы күн жарияланды

915
Фото: armeniatoday.news
Фото: armeniatoday.news

Армения Республикасының премьер-министрі Никол Пашинянның шешімімен 17-18 тамыз аралығында «Сурмалу» сауда орталығында болған жарылыс құрбандарын еске алу үшін қаралы күндер жарияланды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

«Новости-Армения» агенттігінің хабарлауынша, бұл күндері ел жалауы жарты штатқа дейін желбіретіліп, хабар таратушылардың жарнамалық және ойын-сауық бағдарламаларын көрсетуіне тыйым салынған.

Айта кетейік, 14 тамыз күні сағат 13.23-те «Сұрмалу» сауда орталығында жарылыс болып, одан кейін өрт шыққан. Алдын ала мәлімет бойынша, пиротехникалық заттар қоймасы жарылып, аумағы 2,8 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат жартылай опырылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жарылыс салдарынан 16 адам қаза тауып, екеуі із-түзсіз жоғалған. 62 адам зардап шекті, оның ішінде балалар да бар. Зардап шеккендер қаланың түрлі медициналық орталықтарына жатқызылды. Сейсенбідегі жағдай бойынша 7 азамат ауруханада жатыр, қалғандарына медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне шығарылды. 1 га аумақта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілуде. 17-18 тамызда Армения мен Арцахта қаралы күн жарияланды.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket