Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тамара Қосубаева қайтыс болды

3374
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тамара Қосубаева 95 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Сахнада Баян сұлу бейнесін тамаша сомдай білген оны «нағыз қазақ аруы» атады. Одан кейін актриса Абдулла Қарсақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» фильмінің басты кейіпкерінің анасы, құрбандық шалған дана Әспетпен танылды. Кейінірек жасы ұлғайған рөлдерді сомдай отырып, Тамара Өкіметқызы өз көрермендері үшін мейірімді «халық әжесіне» айнала білді.

“Кино менің өмірім, ал актерлік өнер - кәсіп емес, емі жоқ дерт. Соған еріп кетесің. Қазірдің өзінде мен біздің кезімізде романтизмге, оқиғаларға, тамаша көңіл-күуге толы сахнаны, рөлдерді, гастрольдерді қатты сағынамын. Театр сахнасынан зейнеткерлікке шыққандағы сол бір ащы сәт есімде, бірақ одан кейін түсірілімдер, дубляждар, радиолар болды. Сүйікті ісіммен айналыстым. Ал енді менің басты қуанышым, менің балаларым, немерелерім, шөберелерім өмір сүруге ынталандырады», деген еді бір сөзінде.

Адырна” ұлттық порталының ұжымы Тамара Қосубаеваның барлық туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер