Балаларды мектепке дайындау үшін бір реттік көмекті кімдер ала алады?

1077
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Оқушыларға көмек көрсетуге қатысты желідегі хабарламаларға оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді. Ведомствода ата-аналар жалпы білім беру қоры арқылы әр балаға 37 389 теңгеден көмек ала алатынын атап өтті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Жақында БАҚ-та Жамбыл облысындағы кейбір көпбалалы ата-аналардың хабарлауы бойынша, мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін жергілікті атқарушы органдар 32 500 теңгеден және тек бір балаға бөлетіні туралы ақпарат пайда болды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік осал отбасылар үй ішіндегі әрбір оқушыға жаппай оқыту қоры арқылы көмек алуы тиіс екенін хабарлайды. Сонымен қатар, әрбір мұқтаж оқушы үшін бұл сома 37 389 теңгеден кем болмауы тиіс", – делінген хабарламада.

Комитетте әкімдіктер көмек сомасын көбейте алатынын, бірақ азайтуға құқығы жоқ екенін атап өтті. Кейбір әкімдіктер қазірдің өзінде ең төменгі мөлшерден артық соманы бөліп жатыр.

Мектептерді қаржыландыруды, оның ішінде мектеп оқушыларын қолдауды әкімдіктер жүзеге асырады. Биыл 37 389 теңге көлеміндегі көмекті кем дегенде 440 мыңнан астам бала алады.

Бұрын жаппай оқыту есебінен көмек сомасы 17-ден 37 мың теңгеге дейін болған. Сондай-ақ, мектеп керек-жарақтарын сатып алумен әкімдік қызметкерлері айналысты. Алайда, оқушылардың ата-аналары мектеп формасының дұрыс таңдалмаған мөлшері мен сапасына шағымданатын.

"Көп балалы аналардың шағымдарын ескере отырып, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізілді. Түзетулер ата–аналардың карточкалық шотқа тікелей ақша алуы және әр балаға мектеп формасын, аяқ киім мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарын өз бетінше таңдай алуы үшін қабылданды", - деп нақтылады Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Айта кетейік, "жалпыға міндетті білім беру" қорынан келесі санаттағы оқушылар көмек алу құқығына ие:

  • атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)алушылар;
  • АӘК алмайтын, бірақ бір мүшеге табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар;
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлардан зардап шеккендер;
  • мектептің алқалы органы айқындайтын оқушылардың өзге де санаттары.

Материалды көмек алу үшін ата-аналар тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне хабарласуы қажет.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket