Теміржолшылардың пара беру әрекеті видеоға түсіп қалды

1765
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды
Теміржолшылардың пара беру әрекеті видеоға түсіп қалды. "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша учаскесінің бастығы мен оның орынбасары заңсыз ақша жинағаны үшін жұмыстан қуылды. Оған қоса, ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді. Бұл туралы қаржылық мониторинг агенттігіне мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ресми мәліметке сәйкес, парамен ұсталған басшылар "Экспресс" филиалында жұмыс істеген. Екеуі өзіне қарасты учаске арқылы өткен "Тұлпар-Тальго" пойыздарын тексермегені үшін ақша талап еткен.
Агенттіктің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті заңбұзушылықты видеоға түсіріп алған. Онда пойыз басшыларының ақша беріп жатқаны көрінеді. Біреуі қолма-қол берсе, енді біреуі үстелдің үстінде тұрған заттардың астына тығып отырған. Барлығы 27 эпизод анықталды.
"Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 6 миллион теңгеге жуық айыппұл төлеуге тиіс ", - дейді агенттік мамандары.
Ал "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамына қылмыстық құқықбұзушылық жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізілді.
Видеоны Телеграм арнамыздан көре аласыз.
”Адырна” ұлттық порталы 
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket