“Жауап жоқ”: Түркістан облысында су мәселесі әлі де шешілмей тұр

3314
Adyrna.kz Telegram
Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылындағы көпсалалы спорт кешені 2019 жылы пайдалануға берілген. Алайда, ауданда орталықтандырылған кәріз жүйесі болмағандықтан қазір бассейндегі суды жиі-жиі ауыстыру мүмкін болмай тұр. Бұь туралы ауыл тұрғыны Бақытжан Жұмаділдә айтып берді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Егерде кәріз жүйесіне қосылған жағдайда бассейн тоқтамас еді. Осы аудан орталығынан, ауылдардан талай балалар келіп, жаттығып, сол бассейнді пайдаланатын еді. Осы мәселені басшылар назарға алса екен. Өйткені бұндай су кешені, теннис корты көп аудандарда жоқ. Аталған спорт кешені әу баста пайдалануға берілген кезде Түркістан облыстық №3 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің иелігіне табысталған. Барлық құжаттары рәсімделіп, аталған мектептің меншігіне өткізілген. Аудандық әкімдік қызметкерлерінің айтуынша, облыстық Қаржы басқармасы Экономика басқармасына су спорт кешеніне кәріз жүйесін салу бойынша қаржы бөлуге ұсыныс берген”,-дейді ол.

Айта кетейік, заманауи ғимаратты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауданда құс шаруашылығымен айналысатын Біріккен Араб әмірлігінің компаниясы салып берген. Жоба құны 1 млрд теңге. Мұнда 1 бассейн мен теннис корты және 5 спорт алаңшасы бар. Сондықтан ата-аналар «басшылар осы мәселені тезірек шешіп берсе» дейді.

Сонымен қатар, Бақытжан ауылдағы судың мәселесі туралы бірнеше рет Түркістан облысы әкімдігіне барған. Қабылдамапты.

“Бәйдібек ауданы Ағыбет Ауылдық Округі Әкімдігі Ағыбет ауылынан бастау алатын Кіші Шаян өзенінің арнасы бұзылып Шаян-Ағыбет-Шақпақ облыстық маңызы бар жолға, 10 вт электр бағаналарына қауіп төніп тұрғанын, су деңгейінің төмен түсіп ауылдағы құдықтардың тартылып тұзданғанын айту үшін 2021 жылы арнайы Түркістан қаласына облыс әкімінің орынбасары Жетпісбай Арман Шәріпбайұлына барып едім, қабылдамады. 2022 жылы ақпан айында онлайн түрде қабылдауында болдым. Бәйдібек ауданы әкімдігінің жазған сұраныс хатына жауап бар ма білмедім, маған күні бүгінге дейін ешқандай жауап келмеді. Жеке қабылдауда болған соң жауап беру керек емес пе? Ағыбет ауылынан 2019 жылы пайдалануға беріледі деп алдаусыратқан дәрігерлік емхананың құжаттары әлі күнге дейін дайын емес. Дәрігерлік емхана жайы мен 2022 жылы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәбитов Арман Сәбитұлының қабылдауында онлайн түрде болғанмын, Арман Сәбитұлынан да жауап хат болмады. Сонда біз қандай мемлекетте өмір сүріп жатырмыз? Жеке қабылдауда боламыз тиянақты, нақты жауап ала алмаймыз? Халықтың мұң-мұқтажын кім тыңдайды, А. Шәріпбайұлы мен А. Сәбитұлының қабылдаулары тек статистика үшін керек болғаны ма? Қыркүйек айында аймақ басшысы Шөкеев Өмірзақ Естайұлы Бәйдібек ауданына келсе осы екі орынбасарының үстінен шағым айтсам деймін? Үкімет басшысы Әлихан Смайылов өңірлерді аралар ма екен, мұң-мұқтажымызды айтып іштегі кіжілдерді шығарып көмек сұрар едік. Төмендегі Түркістан Облысының Қоғамдық Дб жіберілген хатта маған жетпеген, себебін кім түсіндірер екен?”, деп күйінді ол.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер