ОҢҒАР ҚАБДЕН: Қазаққа мешіт емес, мектеп керек

7332
Adyrna.kz Telegram

Астанада жаңа мешіт ашылыпты. Соңғы кезде қит етсе мешіт ашқыш болып кеттік. Мешітті салатындар сол баяғы отыз жыл бойы биліктің майлы жамбасын ұстағандар. Әлде, отыз жыл бойы халқын тонап, енді сол үшін Құдайдан кешірім сұрамақшы ма?

Мені таң қалдырғаны бүгінгі мешіттің ашылуына келген ығай-сығайлар болды. Кешегі ескі Қазақстан толық құраммен жиналыпты. Басы зейнеткер Назарбаев бастап, Бердібек Сапарбаев, әрең құтылған Мамин, Амандық Баталов, Айдын Рақымбаев дейсіз бе бәрі жүр. Біз бұларды Антикор тергеп жатқан шығар десек бұлар мәз-мейрам болып мешіттің ашылуында жүр. Қалай жының ұстамайды?


Бірінші суретке қарасаңыздар Елбасының тасы деп әспеттеп қойыпты.

"Мен бұл мешіттің тасын президент өкілеттігінен отставкаға кетер алдында бір күн бұрын қойдым. Мұсылман ретінде мешіт салуға бастамашылық етуді қасиетті борышым санадым. Бұл мешіт әлемдегі ең үлкен мешіттердің бірі. Мешіт құрылысына жеке инвесторлар қолдау көрсетті. Құрылысқа ел бюджетінен қаражат алынған жоқ. Барша қазақстандықтарды осы жарқын оқиға – елордамызда мешіттің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын», - депті Қазақстандағы ең блатной пенсионер.

Елдегі бүкіл шаруаны шешіп болып, енді осы мешіт салуы қалып еді. Түсінер едім Бекболат айтқандай халықтың аузынан ақ май ағып, күніне бес уақыт мешітке шапқылап жүрсе. Күнделікті жейтін тамағын қайтып табамын деп тентіреп жүрген халыққа балабақша, мектеп керек!

Айтпақшы, Чиновник телеграмм арнасының жазуынша осы мешіттің ашылуына ҰҚК-нің экс-замы Самат Әбіш те келіпті дейді.
Назарбаевтың баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Елбасы деп жазыпты.

Оңғар Қабден

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер