Жамбыл облысының жастары енді жаңа бағдарлама арқылы баспаналы бола алады

2130
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында «Әулиеата жастары» бағдарламасы шілде айында іске қосылмақ. Жоба өңір жастарын қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге және жас отбасыларға қолдау мақсатында дайындалды. Оны әзірлеуде облыстың ерекшеліктерін ескере отырып және Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында оң нәтиже берген пилоттық бағдарламалар негізінде алынды. Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы айтты.

Оның сөзінше, бұған дейін облыста жастар мен жас отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған арнайы бағдарлама болмаған.

«Жалпы облыста тұрғын үй алуға кезекте – 7 140, жер телімін алуға кезекте тұрған 10 787 жас бар. Өткен жылы ипотекалық несие рәсімдеген жастар саны 318-ді құрады. Бағдарламаға жергілікті бюджеттен 500 млн теңге бөлінді. Жастарға берілетін қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн теңгеге дейін. Несие беру уақыты – 19 жыл. Пайыздық мөлшерлеме – 5%, бастапқы жарна – 5%. Қамту – 50 адам», – деп атап өтті спикер.

Еркін Құлымбайұлы өңірде 13 млн теңгеге дейін 1 744 пәтер болса, 1 110 тұрғын үйдің бар екендігі анықталғанын мәлімдеді. Бағдарламаға төмендегі қызмет салаларында жұмыс істейтін 35 жасқа дейінгі ҚР азаматы қатысады және негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады.

 

Пікірлер