Жамбыл облысында биыл субсидияға бөлінген қаржы көлемі 50 пайызға артты

351

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен кездесуде Жамбыл облысының әкімі аймақта биыл субсидияға 31,2 млрд. теңге бөлінгенін жеткізді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырған 50 пайызға артқан.

- Аталған қолдау шараларымен әрбір ауыл, әрбір кәсіпкер, шарулар қамтылуы тиіс. Бұл жұмыстарды нәтижелі іске асыру – аудан, ауыл әкімдерінің негізгі міндеті,-деп атап өтті Нұржан Нұржігітов.

Жалпы, 2021 жылы облыстың ауылшаруашылығы саласын қолдауға барлық көздерден 36,3 млрд. теңге, оның ішінде 19,4 млрд. теңге субсидия қаралған болса, биыл бұл мақсатқа 60 млрд. теңге бөлініп отыр.

Сондай-ақ, аймақ басшысы 2019 жылы бастау алған ауыл тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бағытындағы пилоттық жоба өзінің жалғасын табатынын айтты.

- Бір ай бұрын облысқа арнайы келген Үкіметтік делегация жобаның тиімділігіне көз жеткізіп, бұл тәжірибені ел көлемінде тарату ісін қолға алуда.
Өздеріңізге белгілі, жобаның бірінші кезеңінде өңірдегі 11 ауылдық округке қарасты 25 елді мекендегі 7 856 отбасы қамтылды. Айтарлықтай нәтижеге қол жеткіздік. Бұл мақсатта жалпы 9,2 млрд. теңге несие қаражаты бағытталды.
2021 жылы қайтарылған несиелер есебінен қосымша 3 ауылдық округте жоба жалғасын тапты.

Пилоттық жобамен өңірдегі қалған 139 ауылдық округтерді қамтуға қажетті қаржы көлемі 75,5 млрд. теңгені құрап отыр. Ұсынысымыз Үкіметтен қолдау тапты.

Бізде бұл жобаны ары қарай нәтижелі жүзеге асыру үшін тиісті кадрлар да, тәжірибе де жеткілікті,-деді облыс әкімі.

Айта кетейік, ағымдағы жылы пилоттық жоба аясындағы жеңілдіктермен қамту үшін облыстың тағы 10 ауылдық округі айқындалып отыр. Бұл бағытқа 6,4 млрд. теңге қаржы қажет. Қазіргі таңда жобаның бес бағыты бойынша ауылдық округтердің жоба-есептері нақтылануда.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket