“Өрт қауіпсіздігі сақталмаған” : Ресей Қырымдағы жарылысқа Украинаны айыптамайды

3955
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Ресей Қырымдағы Саки аэродромындағы оқ-дәрілердің жарылуына Украинаны айыптамайды. Оның негізгі себебі - өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан болды, деп Ресей әскери ведомствосы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"Саки аэродромында бірнеше оқ-дәрілердің жарылуының басты себебі ретінде тек өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы қарастырылады. Ешқандай белгілер, айғақтар, тіпті оны бүлдіру мақсатында қасақана әсер ету фактілері жоқ", - деді ведомство.

Ал американдық соғысты зерттеу институтының (ISW) мәліметінше, Ресей тарапы Қырымдағы Саки аэродромына зымырандық шабуыл жасады деп Украинаны айыптай алмайды, өйткені «Москва» крейсерінің батып кетуінен кейін бұл ресейлік әуе қорғаныс жүйесінің әлсіздігін көрсетеді.

Айта кетейік, 9 тамыз күні таңертең Ресей Қорғаныс министрлігі Қырымдағы Саки әскери аэродромында авиациялық оқ-дәрілер жарылғанын және аэродромдағы авиациялық техниканың зақымдалмағанын мәлімдеді.

Жарылыстардан кейін бір адам қаза тауып, бес адам әйнек сынықтарынан зардап шеккен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер