Өскемендегі дүкендердің бірінде «Z» және «V» белгілері бар футболкалар емін-еркін сатылуда

5155
Adyrna.kz Telegram
Фото: Telegram
Фото: Telegram

Өскемендегі дүкендердің бірінде «Z» және «V» белгілері бар футболкалар емін-еркін сатылып жатыр. Бұл туралы белсенді Сырым Итқұлов Telegram каналында жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алматыда терезесінде осындай белгілері бар жүргізушілерді ұстап жатса, Өскемендегі дүкендердің бірінде мынадай киімдер сатылып жатқаны туралы фотолар келді. Айтарға сөзім жоқ.

Бұл біреудің саяси көзқарасын білдіретін жай ғана әріптер емес, бұл – соғыстың және өзге бір елге басып кірудің белгісі. Осы үшін жауапкершілік қарастырылуы керек.

Ресейдің өзінде бұл белгілерден бас тартып жатқаны үшін қамауға алып жатыр. Ал депутаттар баласы VPN қолданғаны үшін ата-аналарды түрмеге қамайтынын айтып қорқытады», - деп жазды белсенді.

Айта кетейік, Украинада соғысып жатқан Ресей қарулы күштері өздерінің символы ретінде «Z» және «V» белгілерін қарастырады.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер