Студенттердің стипендиясы өсіп, грант саны көбейді - Саясат Нұрбек

2558
Adyrna.kz Telegram

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жоғары білім беру саласындағы ұлттық жобаның іске асырылуы туралы айтып берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

  • 2021-2022 оқу жылы контингентінің жалпы саны 623 839 адам.
  • Барлығы — 120 ЖОО.
  • 2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы 68,9%-ды құрайды.
  • Гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды.
  • Студенттердің стипендиясы артып келеді.

"Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады", - деді ғылым министрі Саясат Нұрбек.

  • Академиялық артықшылық орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді.
  • Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін үш ЖОО-ны зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ.
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді.

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бағыты бойынша негізгі көрсеткіш — екі отандық университеттің QS Халықаралық рейтингінің ТОП – 200 қатарына кіруі», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

 2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейтін болады.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер