Шымкенттік кәсіпкерлер мемлекеттен бөлінген 1 миллион 225 мың теңге қаржылай көмекті тойға жұмсаған

3429
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттік кәсіпкерлер мемлекеттен бөлінген 1 миллион 225 мың теңге көлеміндегі қаржылай көмекті той, құдалық, несиені өтеуге жұмсаған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы Балмаржан Нарбекованың айтуынша, 2021 жылы 23 шымкенттік мемлекеттік грантты осылайша жұмсаған. Қайтарылмас гранттарды өз мұқтаждарына жұмсаған ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер жауапқа тартылып, қаржысы қазынаға қайтарылды.

"Қарыздарды өтеуге, несиелерді өтеуге, үйлену тойларына ақша алуға болмайды. Бәрінің сұрауы бар, аз сома емес - 1 миллион 225 мың теңге. Бұл ақша бизнесті жақсартуға және кәсіпкер өзіне және қаланың басқа тұрғындарына жұмыс табуы үшін беріледі. Енді ереже бар: тоқсан сайын есеп беруді талап етеміз. Қандай да бір заңбұзушылықтар анықталған жағдайда жауапқа тартамыз. Сондықтан бәрін осы мәселеге байыппен қарауды сұраймыз"", - деді Балмаржан Нарбекова брифингте.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер